«Сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтарға жол бермеу» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.
2015 жылғы 19 маусымда Жамбыл облысының төтенше жағдайлар департаментінде Көкшетау техникалық институтына оқуға түсуші талапкерлермен және олардың ата-аналарының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтарға жол бермеу» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.
Отырысқа Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкері қатысып, қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша түсініктеме беріп, ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
