Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Департамент басшысы жұмыс сапарыменЖаңақала ауданында болды

2020 жылдың 11 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Р.С.Ақмырзаев жұмыс сапарымен Жаңақала ауданына барды.

Жұмыс сапары барысында Департамент басшысы ауданы активі және қоғам өкілдерімен кездесті.

Шара барысында Р.С.Ақмырзаев қатысушыларды Агенттіктің негізгі жұмыс бағытымен таныстырды, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға және қоғамда парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған заңнамалық бастамалар мен новеллаларға тоқталды.

Қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді.

Сонымен қатар, Департамент басшысы аудан тұрғындарын жеке қабылдады. Қабылдау барысында «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобасы, деректер базасы интеграциясы, бұрын сыбайлас жемқорлыққа тартылған тұлғаның жұмысқа орналасуы туралы сұрақтарға нақты жауаптар берді.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

1
0
249

Осы тақырып бойынша

Департамент басшысы жұмыс сапарыменЖаңақала ауданында болды - Yvision.kz