Бизнесті қорғау басымдыққа ие («PBI – Protecting Business and Investments» жобасы аясында)
2020 жылғы 7 желтоқсанда БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бастамасымен «Protecting Business and Investments» жобасын іске асыру шеңберінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А.Шпекбаевтың жұмыс сапары барысында «Квант» ЖШС Бас директоры М. Пшеничный БҚО ТЖД қызметкерлерінің тексеруді жүзеге асыру кезіндегі бұзушылықтарға қатысты келіп түскен өтініші бойынша кеңес өткізілді.
Шараға БҚО бойынша СЖҚД басшысы Р. Ақмырзаев, «Атамекен» ӨКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау Кеңесінің төрағасы Х. Қапанов, БҚО бойынша СЖҚД басшысының бірінші орынбасары Н.Самет, БҚО ТЖД бастығы Ж. Жұмашев, Орал трансформатор зауытының заңгері А. Нұрғалиев және т. б. қатысты.
Н.И. Самет кеңеске қатысушыларға «Квант» ЖШС-не қатысты тексерулерді жүзеге асыру кезіндегі өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің іс-әрекеттері, этикалық нормалардың бұзылуы және т. б. мәселелерді белгіледі.
Транспарентті, есеп беретін және халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасында көзделген тәсілдер шеңберінде жан-жақты және объективті қарауды қамтамасыз ету мақсатында БҚО ТЖД өкілдеріне төмендегі ұсынымдар берілді:
Ø «Квант» ЖШС-нен тексеру жүргізу кезінде мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларын бұзумен байланысты және заңсыз әрекеттері туралы өтініш келіп түскен жағдайда БҚО ТЖД қызметкеріне қатысты қызметтік тексерудің объективтілігін, толықтығын және жан-жақтылығын қамтамасыз ету;
Ø Алдынғы тексеру кезінде анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қосымша тексеру барысында өртке қарсы қауіпсіздік нормаларын басқа да бұзушылықтары бойынша жауапкершілікке тарту фактілерін болдырмау бойынша шаралар қабылдау;
Ø «Квант» ЖШС мен Орал трансформатор зауытына өрт қауіпсіздігі тұрғысынан объектілерді қауіпті емес санаттарға ауыстыру мәселесі бойынша кеңес беру;
Ø Кәсіпкерлер арасында «Adal komek» және «Antikor LIFE» шеңберінде өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша шараларды жандандыру»;
Ø 3 жылдан артық қызмет атқаратын аудандық бөлімшелердің қызметкерлері мен басшыларын ротациялау мәселесін қарау.
Бизнесті қорғау, оның ішінде жоғарыда аталған кәсіпорындардың өтініштері БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ерекше бақылауында болады.
