Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жемқорлықты жоюда БАҚ пен ұйымдардың әлеуеті зор маңызға ие

2020 жылдың 23 желтоқсан күні «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында жыл бойына қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыруға қосқан үлестері үшін қоғам белсенділері, мекемелер және бұқаралық ақпарат құралдары марапатталды.

Шараға БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Р.С.Ақмырзаев, «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Ә.Ө.Салиева, мемлекеттік органдар мен қоғам және БАҚ өкілдері қатысты.

БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Р.С.Ақмырзаев өз сөзінде: «2020 жылда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласы маңызды оқиғаларға, әсіресе жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейту және жаңа шектеулер енгізу сияқты заңнамалық жаңашылдықтарға толы болды. Басты мақсат қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмыстарын жүргізу болып табылады» - деп атап өтті.

Сонымен қатар, Департамент басшысы жыл бойына қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыруға қосқан үлестері үшін қоғам белсенділеріне, мекемелер мен бұқаралық ақпарат құралдарына алғысын білдіріп, келер 2021 жылы дендеріне саулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне толағай табыстар тіледі.

«Жастардың тұрақты және әлеуметтік даму қоры» қоғамдық қорымен «Азаматтық бақылау» жобасы аясындағы ұйымдастырылған «Адал еңбектің жарқын бейнесі» облыстық сурет және «Парасатты қоғам» бейне байқауларының жеңімпаздарына грамота мен құнды сыйлықтар табыс етілсе, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыруға қосқан үлестері үшін белсенді қоғам өкілдері, мемлекеттік мекемелер мен бұқаралық ақпарат құралдары алғыс хаттармен марапатталды.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

1
0
500

Осы тақырып бойынша

Жемқорлықты жоюда БАҚ пен ұйымдардың әлеуеті зор маңызға ие - Yvision.kz