Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жаңақала ауданында «Ашық әкімдік» ашылды

Жаңақала ауданына жұмыс сапары барысында Департамент басшысы Р.С.Ақмырзаев «Ашық әкімдік» форматындағы қызмет көрсету орталығының ашылуына қатысты.

Ашық әкімдіктің негізгі мақсаты – өңір тұрғындарына қолайлы жағдайларды қалыптастыру және әкімшілік кедергілерді мейлінше азайту болып табылады.

Р.С.Ақмырзаев өз кезегінде: ««Ашық әкімдік» жобасы Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі тарапынан қолдау тапты. Сондықтанда, аталған жобаны облыстың барлық аудандарда ашу маңызды» - деп атап өтті.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

1
0
340

Осы тақырып бойынша

Жаңақала ауданында «Ашық әкімдік» ашылды - Yvision.kz