Ақпараттық-насихат Штабының мүшелері әскери қызметшілермен кездесті
2020 жылдың 25 ақпан күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті жанындағы облыстық ақпараттық-насихат Штабының мүшелері 5515 және 5517 ә/б әскери қызметкерлерімен кездесу өткізді.Шараға облыстық ақпараттық-насихат Штабының жетекшісі Н.Қ.Жолдасқалиев, Департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин, ҚР ҰКК ӘҚББ «Батыс» ӨҚ бойынша жедел уәкілі А.С.Саттар және әскери қызметкерлер қатысты.Н.Қ.Жолдасқалиев қатысушыларды облыстық Штабтың жұмысымен таныстырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған шараларға белсенді түрде қатысуға шақырды.Хайруллин Б.М. қатысушыларды 2019 жыл қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа ең көп ұшыраған салаларда…