Ақпараттық-насихат Штабының мүшелері РУ 170/3 мекемесінің ұжымымен кездесті
2020 жылдың 24 ақпан күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті жанындағы облыстық ақпараттық-насихат Штабының мүшелері Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің «РУ 170/3 мекемесінің» ұжымымен кездесу өткізді.
Шараға облыстық ақпараттық-насихат Штабының жетекшісі Н.Қ.Жолдасқалиев, Департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин және мекеме қызметкерлері қатысты.
Н.Қ.Жолдасқалиев қатысушыларды облыстық Штабтың жұмысымен таныстырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған шараларға белсенді түрде қатысуға шақырды.
Қатысушыларға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызмет барысы және сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған күдіктілерді ұстау барысы туралы бейнероликтер көрсетілді.
Азаматтар сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «1424» Call орталығына хабарлай алады. Call орталық 24/7 режимінде қызмет жасайды.
