Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Кәсіпкер шағымы қаралды

2020 жылғы 21 ақпан күні «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы аясында мемлекеттік сатып алу саласына қатысты «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ БҚО филиалы қызметіне қатысты жеке кәсіпкелердің шағымы талқыланды.

Кездесу «Изтлеуова Райса» ЖК, «Изтлеуов Кенжебай Аймагамбетович» ЖК өкілі, жоба жетекшісі Ә.Ө. Салиеваның, департамент басшысының бірінші орынбасары Н.И. Саметтің, БҚО Полиция департаменті, Ішкі мемлекеттік аудит департаменті және «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ БҚО бойынша филиалы өкілдерінің қатысуымен өтті.

Талқылау нәтижесінде мемлекеттік корпорация филиалы мен шағымданушы арасындағы келіспеушілік азаматтық құқықтық қарым-қатынастан туындағандықтан, мәселені сот тәртібімен шешу жөнінде кеңес берілді.

0
0
167

Осы тақырып бойынша

Кәсіпкер шағымы қаралды - Yvision.kz