Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Полицейлерге АМТ ынтымақтасу ұсынылды

2020 жылдың 21 ақпан күні «Ақжайық-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен Департамент қызметкерлері БҚО полиция департаменті жеке құрамымен кездесу өткізді.

Іс-шараға «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі басшысы Ә.Ө.Салиева, «Нұр Отан» партиясы заңгері М.Х.Мұқашев, Департаменттің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин қатысты.

Ә.Ө.Салиева «Ақжайық-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмысының негізгі бағыттары мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерін түсіндірді.

Департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин қатысушыларға Агенттіктің негізгі жұмыс бағытымен таныстырды, сонымен қатар арнайы мониторинг топтарымен бірге учаскелік полиция пункттеріне, департамент пен басқарма бөлімдеріне мониторинг жүргізу ұсынылды.

Полиция қызметінің имиджін көтеру мақсатында жұмыс өтіліне байланысты зейнетке шығатын қызметкерлерді салтанатты түрде қоғамның қатысуымен шығарып демалысқа салу және полиция мұражайына азаматтардың саяхаттарын ұйымдастыру ұсынылды.

Қатысушыларға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызмет барысы және сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған күдіктілерді ұстау барысы туралы бейнероликтер көрсетілді.

Азаматтар сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «1424» Call орталығына хабарлай алады. Call орталық 24/7 режимінде қызмет жасайды.

1
0
297

Осы тақырып бойынша

Полицейлерге АМТ ынтымақтасу ұсынылды - Yvision.kz