Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақпараттық-насихат Штабының мүшелері әскери қызметшілермен кездесті

2020 жылдың 25 ақпан күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті жанындағы облыстық ақпараттық-насихат Штабының мүшелері 5515 және 5517 ә/б әскери қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Шараға облыстық ақпараттық-насихат Штабының жетекшісі Н.Қ.Жолдасқалиев, Департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин, ҚР ҰКК ӘҚББ «Батыс» ӨҚ бойынша жедел уәкілі А.С.Саттар және әскери қызметкерлер қатысты.

Н.Қ.Жолдасқалиев қатысушыларды облыстық Штабтың жұмысымен таныстырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған шараларға белсенді түрде қатысуға шақырды.

Хайруллин Б.М. қатысушыларды 2019 жыл қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа ең көп ұшыраған салалардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелерімен таныстырды.

Әскери бөлімдердің әскери қызметшілері жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыстар негізінен игерілмеген бюджет қаражатын жалған іссапарлар және жеке құрамға сыйақы беру арқылы ұрлау, сондай-ақ жалған есептен шығару арқылы әскери киімдер, жанармай және басқа да мүліктерді ұрлаумен байланысты болып отыр.

Сонымен қатар, жұмысқа орналасуға көмектесу үшін және қызметтік тексеру негізінде мүдделі тараптардың пайдасына оң шешімдер қабылдау бойынша пара алу фактілері де бар.

Қатысушыларға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызмет барысы және сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған күдіктілерді ұстау барысы туралы бейнероликтер көрсетілді.

Азаматтар сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «1424» Call орталығына хабарлай алады. Call орталық 24/7 режимінде қызмет жасайды.

1
0
386

Осы тақырып бойынша

Ақпараттық-насихат Штабының мүшелері әскери қызметшілермен кездесті - Yvision.kz