Абырой – пайдадан қымбат!
2020 жылдың 20 ақпан күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаментінің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин қатысуымен БҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша кездесу ұйымдастырылды.Б.М.Хайруллин қатысушыларға Агенттіктің негізгі жұмыс бағытымен таныстырды, сонымен қатар қызмет атқару кезінде ереже мен талаптарды сақтау барысында туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне тоқталды.Қатысушыларға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызмет барысы және сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған күдіктілерді ұстау барысы туралы бейнероликтер көрсетілді.Азаматтар сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша Сыбайлас…