Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік сатып алуды жоспарлауда бағаның негізсіз көтеруіне жол бермеңіздер

2020 жылдың 21 ақпан күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаментінің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин қатысуымен БҚО төтенше жағдайлар департаменті ұжымымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша кездесу ұйымдастырылды.

Б.М.Хайруллин кәсіпкерлер субъектілері мен мемлекеттік мекемелерді тексеру кезінде туындайтын сыбайлас жемқорлықтарына ерекше назар аударды. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алуды жоспарлауда бағалардың негізсіз көтеруге жол бермеу қажеттілігіне тоқталды. Бұл тәуекелдер БІРЫҢҒАЙ САТЫП АЛУ жүйесі арқылы анықталуда.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызмет барысы және сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған күдіктілерді ұстау барысы туралы бейнероликтер көрсетілді.

Азаматтар сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «1424» Call орталығына хабарлай алады. Call орталық 24/7 режимінде қызмет жасайды.

1
0
251

Осы тақырып бойынша

Мемлекеттік сатып алуды жоспарлауда бағаның негізсіз көтеруіне жол бермеңіздер - Yvision.kz