Мазмұнға өту
anticorruptionZKO

Timosh07

@anticorruptionZKO

Сайтта 2015 ж. 17 қаңтар

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

3 813

пікірлер

2

тіркелуші

15

жазылымдар

4

Ардагерлерге құрмет!

Елімізде Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы №992 Жарлығымен «70 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.» мерекелік медалімен Ұлы Отан соғысының ардагерлері марапатталуда.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес төрағасы Н.Сүйінбаев Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығы мерекесі қарсаңында Х.Аминов, З.Батанова, А.Бримжаровтарды үйлеріне барып құттықтап, ардагерлерге мерекелік медальдарды табыстады. Ол ардагерлердің бейбітшілік үшін жасаған ерліктеріне алғыс білдіріп, дендеріңе саулық және ұзақ өмір тіледі.

0
0
447

Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің БҚО бойынша департаментінде семинар кеңес өтті

21 сәуір күні сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу Стратегиясының басым бағыттарын және мақсат-міндеттерін түсіндіру мақсатында ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің БҚО бойынша департаменті ұжымына Департамент қызметкерлерімен семинар кеңес өткізілді. Семинардың күн тәртібінде ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің негізгі мақсаттары мен міндеттері және «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» қаралды.

Сонымен қатар, семинар кеңесте қатысушыларға тақырыпқа сәйкес бейне роликтер көрсетіліп, визиткалар мен жаднамалар таратылды.

 
0
0
431

«Кәсіпкерлердің құқығын корғау» Кеңесінің кезекті отырысы өткізілді

2015 жылдың 17 сәуірінде Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы «Кәсіпкерлердің құқығын корғау» тұрақты Кеңестің кезекті отырысы өткізілді. Кеңес отырысына ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің БҚО бойынша Департаментінің Мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы А.Жұбаныш қатысып, күн тәртібіндегі бірінші мәселе 2014 жылы Батыс Қазақстан облысындағы кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне кедергі келтіру фактілер бойынша баяндама жасады.

Сонымен қатар, кеңес отырысында Қазақстан Республикасының «Бәсеке және монополистік қызметтi шектеу туралы» Заңының кейбір талаптары тусіндірілді.

0
0
384

Мен Заңды құрметтейтін азаматпын!

Бүгін Орал қаласындағы №45 жалпы орта білім беретін мектебінде «Я – законопослушный гражданин» атты 10-11 сыныптардың қатысуымен тәрбие сағаты өткізілді. Сабақ жастардың бойында адамгершілік, сауаттылық, шыншылдық қасиеттерін арттыру мақсатында тарих пәнінің мұғалімімен ұйымдастырылды. Оқушылар түрлі мысалдар келтіріп, жағдайаттар шешу, топтарымен әр түрлі сұрақтарға жауап беру арқылы сабаққа белсене қатысып өздеріне керекті көптеген мағұлмат алды. Сабақта оқушыларға Департаменттіңсыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Е.Т.Төлепқалиев дәріс оқып, қай уақытта да жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қасиетін қалыптастыру керектігін айтты. Сонымен қатар, оқушыларға тақырыптық бейне таспалар көрсетіліп, «Сыбайлас жемқорлықта…

0
0
560

«Шыншылдық жақсылыққа жетелейді» (Честность – дорога к лучшему)

15 апреля 2015 года в целях воспитания честности у учащихся в СОШ №26 г.Уральска проведена встреча с участием учеников 8-11 классов на тему: «Шыншылдық жақсылыққа жетелейді» (Честность – дорога к лучшему).

На уроке ученикам объяснили важность получения образования, поднимались вопросы о вреде плохих качеств человека. Участники вели обсуждения на данные темы. Ученики 8 класса защитили постеры о Человечности и Доброте.

Консультант Департамента Б.Хайруллин выступил перед учащимися с информацией на тему «Формирование принципа «нулевой терпимости» к любым проявлениям коррупции».

0
0
316

Шыншылдық жақсылыққа жетелейді

2015 жылғы 15 сәуір күні оқушыларды адалдыққа тәрбиелеу мақсатында Орал қаласындағы №26 жалпы білім беретін мектебінің 8-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Шыншылдық жақсылыққа жетелейді» тақырыбында кездесу өтті.

Сабақ барысында оқушыларға білім алудың маңыздылығы және адамдардың жаман қылықтарының зияндылығы мәселелері түсіндірілді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. 8 сынып оқушылары постерде Шыншылдық, Жақсылық тақырыптарын қорғады.

Сонымен қатар, Департаменттің консультанты Б.Хайруллин «Сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру» бойынша ақпараттандырды.

0
0
435

сабақтан тыс іс-шара

2015 жылдың 15 сәуір күні оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру, адамгершілік құндылықтарын арттыру мақсатында Орал қалалық №9 ЖОББМ 4 сыныптарға «Умейте дружить и добро творить» және 11 сыныптарға «Борьба с коррупцией в Казахстане» тақырыптарында сыныптан тыс сабақтар өткізілді. 11 сыныпта тәрбие сағаты дөңгелек үстел түрінде өтіп, оған Филолог, Историк, Статист, Политолог, Юристы, Депутат және Аналитик қатысты. Олар өздері сомдап түрған әр түрлі ғылымдар атынан жемқорлық туралы ақпарат берді. Депутат пен Аналитик бұл саяси-әлеуметтік құбылыспен күресу жолдарын ұсынды. Іс-шара жемқорлық туралы нақыл сөздерді талқылауымен аяқталды. 4 сыныпта оқушылар жақсылық пен достық туралы тақпақтар оқып, ән салып би биледі, түрлі апликациялардан «Жақсылық зұлымдықты жеңеді» с…

0
0
672

Жемқорлықпен күрес басты міндет!

2015 жылдың 14сәуір күні Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті менмедициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау Комитетінің БҚО департаменті қызметкерлерінің қатысуымен «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» насихаттауға арналған дөңгелек үстел оздырылды. Дөңгелек үстелде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу құжатының негізгі бағыттары және жемқорлыққа әкелетін жағдайлардың алдын алу мәселелері түсіндіріліп, жемқорлық жасаған үшін жауапкершіліктен босатылмайтындығына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты – Антикоррупционная политика» журналы туралы ақпарат берілді. Шараға Департаменттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өза…

0
0
378

Құқықты сауаттылық заман талабы

2015 жылдың 14 сәуірінде Орал қаласындағы №12 жалпы орта білім беретін мектебінде  «Құқықты сауаттылық заман талабы» және «Біз жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы болйынша департаментімен бірлескен тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбие сағатында оқушылар жемқорлық дертінің пайда болу тарихына және қазіргі таңдағы еліміздегі жаңа реформалар туралы жұмыстарын қорғап, пікір алмасты.

Сонымен қатар, Департамент қызметкері оқушыларға дәріс оқып, видео роликтер көрсетті. Шара соңында «Сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады?»тақырыбындағы жаднамалар таратылды.

0
0
600

Батыс Қазақстан облысы Халыққа қызмет көрсету орталығындағы қабылдау

2015 жылдың 13 сәуір күні Батыс Қазақстан облысы халыққа қызмет көрсету орталығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен халықты жеке сұрақтармен қабылдау жүргізілді. Тұрғындардың жеке сұрақтарымен Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі М.С.Нұртазин қабылдады. Қабылдауда болған жас мамандар, мемлекеттік қызметке түсу, мемлекеттік қызмет көрсету және тағы да басқа мәселелер бойынша керекті мәліметтерін алды. Сонымен қатар, шара барысында Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Ақиқат пікір талас орталығы» жастар қоғамдық бірлестігі мүшлерінің қатысуымен «Мемлекеттік қызметтер алу кезіндегі менің құқығым» және «Сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады?» тақырыпта…

0
0
512