Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің БҚО бойынша департаментінде семинар кеңес өтті

21 сәуір күні сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу Стратегиясының басым бағыттарын және мақсат-міндеттерін түсіндіру мақсатында ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің БҚО бойынша департаменті ұжымына Департамент қызметкерлерімен семинар кеңес өткізілді. Семинардың күн тәртібінде ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің негізгі мақсаттары мен міндеттері және «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» қаралды.
Сонымен қатар, семинар кеңесте қатысушыларға тақырыпқа сәйкес бейне роликтер көрсетіліп, визиткалар мен жаднамалар таратылды.

