Батыс Қазақстан облысы Халыққа қызмет көрсету орталығындағы қабылдау

2015 жылдың 13 сәуір күні Батыс Қазақстан облысы халыққа қызмет көрсету орталығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен халықты жеке сұрақтармен қабылдау жүргізілді. Тұрғындардың жеке сұрақтарымен Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі М.С.Нұртазин қабылдады. Қабылдауда болған жас мамандар, мемлекеттік қызметке түсу, мемлекеттік қызмет көрсету және тағы да басқа мәселелер бойынша керекті мәліметтерін алды.
Сонымен қатар, шара барысында Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Ақиқат пікір талас орталығы» жастар қоғамдық бірлестігі мүшлерінің қатысуымен «Мемлекеттік қызметтер алу кезіндегі менің құқығым» және «Сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады?» тақырыптарындағы жаднамалары мен Агенттіктің call-center 1494 номері бар визиткалар таратты.

