Жемқорлықпен күрес басты міндет!

2015 жылдың 14сәуір күні Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті менмедициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау Комитетінің БҚО департаменті қызметкерлерінің қатысуымен «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» насихаттауға арналған дөңгелек үстел оздырылды.
Дөңгелек үстелде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу құжатының негізгі бағыттары және жемқорлыққа әкелетін жағдайлардың алдын алу мәселелері түсіндіріліп, жемқорлық жасаған үшін жауапкершіліктен босатылмайтындығына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты – Антикоррупционная политика» журналы туралы ақпарат берілді.
Шараға Департаменттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Б.Хайруллин қатынасып, дәріс оқыды.

