«Кәсіпкерлердің құқығын корғау» Кеңесінің кезекті отырысы өткізілді

2015 жылдың 17 сәуірінде Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы «Кәсіпкерлердің құқығын корғау» тұрақты Кеңестің кезекті отырысы өткізілді. Кеңес отырысына ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің БҚО бойынша Департаментінің Мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы А.Жұбаныш қатысып, күн тәртібіндегі бірінші мәселе 2014 жылы Батыс Қазақстан облысындағы кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне кедергі келтіру фактілер бойынша баяндама жасады.
Сонымен қатар, кеңес отырысында Қазақстан Республикасының «Бәсеке және монополистік қызметтi шектеу туралы» Заңының кейбір талаптары тусіндірілді.
