Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Шыншылдық жақсылыққа жетелейді

2015 жылғы 15 сәуір күні оқушыларды адалдыққа тәрбиелеу мақсатында Орал қаласындағы №26 жалпы білім беретін мектебінің 8-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Шыншылдық жақсылыққа жетелейді» тақырыбында кездесу өтті.

Сабақ барысында оқушыларға білім алудың маңыздылығы және адамдардың жаман қылықтарының зияндылығы мәселелері түсіндірілді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. 8 сынып оқушылары постерде Шыншылдық, Жақсылық тақырыптарын қорғады.

Сонымен қатар, Департаменттің консультанты Б.Хайруллин «Сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру» бойынша ақпараттандырды.

0
0
434

Осы тақырып бойынша

Шыншылдық жақсылыққа жетелейді - Yvision.kz