Құқықты сауаттылық заман талабы

2015 жылдың 14 сәуірінде Орал қаласындағы №12 жалпы орта білім беретін мектебінде «Құқықты сауаттылық заман талабы» және «Біз жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы болйынша департаментімен бірлескен тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатында оқушылар жемқорлық дертінің пайда болу тарихына және қазіргі таңдағы еліміздегі жаңа реформалар туралы жұмыстарын қорғап, пікір алмасты.
Сонымен қатар, Департамент қызметкері оқушыларға дәріс оқып, видео роликтер көрсетті. Шара соңында «Сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады?»тақырыбындағы жаднамалар таратылды.
