Мазмұнға өту
anticorruptionZKO

Timosh07

@anticorruptionZKO

Сайтта 2015 ж. 17 қаңтар

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

3 813

пікірлер

2

тіркелуші

15

жазылымдар

4

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Орал қалалық дезинфекция станциясы

Департаментпен ағымдағы жылдың 30 маусым күні Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Орал қалалық дезинфекция станциясы мекемесінде «Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары профилактикасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

 
0
0
455

Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті ұжымымен кездесу

2015 жылдың 29 маусым күні Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу Стратегиясының басым бағыттарын және мақсат-міндеттерін түсіндіру мақсатында Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті

қызметкерлерімен семинар кеңес өткізілді. Семинардың күн тәртібінде ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің негізгі мақсаттары мен міндеттері және «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» қаралды.

Сонымен қатар, семинар кеңесте қатысушыларға тақырыпқа сәйкес бейне роликтер көрсетілді.

 
0
0
792

Департаментінің ресми өкілі тікелей эфирде «Айтарым бар» ток-шоуына қатысты

2015 жылдың 27 маусымда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша Департаментінің ресми өкілі Харесова Маншук Горькийқызы тікелей эфирде «ТДК-42» телеарнасының «Айтарым бар»  ток-шоуына қатысты.

Бағдарламаның басты тақырыбы мемлекеттік органдардың БАҚ-пен өзара қарым-қатынасы жөнінде болды.

0
0
420

БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі журналисттерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

2015 жылдың 20 наурызда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшылығы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күнімен құттықтады. Шараға телеарналар мен газеттердің тілшілері қатысты. Салтанатты шарада Департамент басшысы Әділхан Әшірбаев Департаментке жүктелген міндеттерді жүзеге асыруда көрсеткен көмектеріне үшін журналистерді алғыс хаттар және сыйлықтармен марапаттады. Алғашқы сөзінде ол мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары құрылғаннан бері, өткізіліп жатырған атаулы шаралардың БАҚ-тың белсенді ақпараттық қолдауымен және Департамент қызметін мөлдір де халыққа түсінікті ететіндігін атап өтті. Өз кезегінде журналисттер…

0
0
522

БҚО-да мемлекеттік қызметшілер күні аталынып өтілді

2015 жылдың 23 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті мен облыстық әкімдіктің бірлесуімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күні атап өтілді. Басында облыстық филармония ғимаратында «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі замаңғы мемлекет» тақырыбында конференция өткізілді. Конференция жұмысына барлық мемлекеттік, сот және құқық қорғау органдарының, қалалық және облыс аудандарының мемлекеттік қызметшілері қатысты. Өз сөзінде Департамент басшысы Ә.Әшірбаев Елбасымен қабылданған бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға арналған «100 нақты қадам» - бұл ішкі және ғаламдық шақыртуларға деген жауап, сонымен қатар жаңа тарихи жағдайда дамыға…

0
0
590

Жастар саясаты мәселелері басқармасында семинар-кеңес өткізілді.

2015 жылдың 25 маусым күні Батыс Қазақстан облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен облыстық жастармен жұмыс орталығы ұжымында семинар кеңес өткізілді. Шараға Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Е.Төлепқалиев қатысып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияның міндеттері мен мақсатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына қатысты ҚР қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің новеллаларын түсіндіру дәрісін оқыды. Семинар-кеңес барысында тақырыптық видео роликтер мен Агенттік дайындаған арнайы сауалнама толтырылып, қойылған сұрақтарға жауап берілді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның міндеттері мен мақсаттарын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына қатысты ҚР қылмыстық және әкімші…

0
0
464

Батыс Қазақстан облыстық мешітіндегі кездесу

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Батыс Қазақстан облысы Дін істері басқармасымен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті артыруға бағытталған бірлескен шаралар жоспарына сәйкес, 2015 жылдың 20 маусым күні облыстық мешітте Қазақстан мұсылмандар діни бірлестігі Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілеттілігі имамдарымен кездесу өткізді. Кездесуге Департаменттің Мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы А.Жұбаныш және Қазақстан мұсұлмандар діни басқармасы Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілі Р.Сұлтанов қатысты. Кездесу барысында А.Жұбаныш қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау үшін алдымен адами, рухани құндылықтарды ұстанып, оны күнделікті меші…

0
0
356

Үздік жас мемлекеттік қызметші

22 маусымда Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының концерт залында «23 маусым – ҚР Мемлекеттік қызметшілері күніне» орай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс қазақстан облысы бойынша департаменті, Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Орал» студенттер Альянсы» корпоративтік қоры «Үздік жас мемлекеттік қызметші» облыстық байқауын өткізді. Мақсаты – жастарды отан сүйгіштікке тәрбиелеу, жас мемлекеттік қызметшілерді қоғамдық өмірге белсене араластыру, дарынды жастарға қолдау көрсету, 23 маусым – Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің күні кәсіби мерекесін тиісті деңгейде атап өтуге атсалысу. Аталған байқауға облыстың және аудандық мемлекеттік мекемелерде жұмыс…

0
0
809

БҚО Қазынашылық департаменті ұжымымен кездесу

Ағымдағы жылдың 15 маусым күні Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаменті Батыс Қазақстан облысының Қазынашылық департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты және осы саладағы заңнаманы түсіндіру бойынша семинар кеңес өтті.

Семинар кеңесте Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Е.Төлепқалиев «Сыбайлас жемқорлықпен күрес жолындағы мемлекеттік стратегиясының жүзеге асырылуы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі мен қылмыстық Кодексіндегі өзгерістермен таныстырып өтті.

Сонымен бірге, қатысушыларға жемқорлық профилактикасы бағытында және call-center 1494 жұмысы туралы видеороликтер көрсетілді.

0
0
671

Орал қаласының ТҮКШЖКжАЖ бөліміндегі семинар-кеңес

2015 жылдың 12 маусым күні Орал қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттарын түсіндіруге арналған семинар-кеңес оздырылды. Семинар-кеңес барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құжаттың негізгі бағыттары және ҚР Қылмыстық Кодексінің новеллалары түсіндірілді. Сонымен қатар, бейнероликтер көрсетіліп, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты – Антикоррупционная политика» журналы туралы ақпарат берілді. Қатысушылар алдында Департаменттің мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы А.Жұбаныш, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің Б.Хайруллин консультанты қ…

0
0
383