БҚО-да мемлекеттік қызметшілер күні аталынып өтілді

2015 жылдың 23 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті мен облыстық әкімдіктің бірлесуімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күні атап өтілді.
Басында облыстық филармония ғимаратында «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі замаңғы мемлекет» тақырыбында конференция өткізілді.
Конференция жұмысына барлық мемлекеттік, сот және құқық қорғау органдарының, қалалық және облыс аудандарының мемлекеттік қызметшілері қатысты.
Өз сөзінде Департамент басшысы Ә.Әшірбаев Елбасымен қабылданған бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға арналған «100 нақты қадам» - бұл ішкі және ғаламдық шақыртуларға деген жауап, сонымен қатар жаңа тарихи жағдайда дамыған 30 елдің қатарына кірудегі ұлт жоспары екендігін атап кетті.
Сонымен қатар, конференцияға өз баяндамаларымен мемлекеттік органдардың, «Нұр Отан» партиясының өкілдері сөз сөйледі.
Жоспарға сәйкес, мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеуге арналған салтанатты рәсім жас мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдауымен басталды.
Рәсімде облыс әкімі Н.Ноғаев мерекемен құттықтап, өз сөзінде мемлекеттік қызметші атану – бұл жай ғана халыққа қызмет ету ғана емес, ол өз ісіңе деген адалдық екендігін айтты.
Сонымен, А.Аширбаев облыстағы мемлекеттік қызметшілерді мерекелерімен құттықтап, оларға Агенттік Төрағасының құттықтау тілектерін жеткізді.
Облыстағы мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызметтегі үлгілі қызметі үшін «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгілері және алғыс хаттар табыс етілді.
Мерекелік шара облыстық филармония әртістерінің концерттік бағдарламасымен аяқталды.

