Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті ұжымымен кездесу

2015 жылдың 29 маусым күні Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу Стратегиясының басым бағыттарын және мақсат-міндеттерін түсіндіру мақсатында Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті

қызметкерлерімен семинар кеңес өткізілді. Семинардың күн тәртібінде ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің негізгі мақсаттары мен міндеттері және «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» қаралды.

Сонымен қатар, семинар кеңесте қатысушыларға тақырыпқа сәйкес бейне роликтер көрсетілді.

 
0
0
790

Осы тақырып бойынша

Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті ұжымымен кездесу - Yvision.kz