Мазмұнға өту
anticorruptionZKO

Timosh07

@anticorruptionZKO

Сайтта 2015 ж. 17 қаңтар

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

3 813

пікірлер

2

тіркелуші

15

жазылымдар

4

Жоғары техникалық мектебіндегі оқытушылар және студенттермен кездесу

2015 жылдың 10 маусым күні Жоғары техникалық мектебінің оқытушылары және студенттерімен «Таза сессия» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Департаменттің Мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактика басқармасының басшысы А.Жұбаныш, Сыбайлас жемқолыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл консультанты Б.Хайруллин қатысып, 2015-2015 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын, ҚР қылмыстық және әкімшілік кодекстарына енгізілген өзгерістер туралы дәрістер оқыды.

Сонымен қатар, облыстық мәслихат депутаты, академик, Департамент жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы А.Әйтімов жемқорлықпен күрес – бұл ҚР әр азаматының міндеті деп атап көрсетіп, жемқорлықпен күрестегі халықаралық тәжірибеге тоқталды.

0
0
337

Департамент жұмыс тобының Жәнібек және Бөкей Орда аудандарындағы үгіт-насихат жұмыстары

2015 жылдың 3-5 маусым күндері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияның міндеттері мен мақсатын түсіндіру үшін Департамент қызметкерлері мен Батыс Қазақстан облысының «Заман» өндірушілер қауымдастығымен бірлесіп құрылған жұмысшы тобы Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының Жәнібек, Күйгенкөл, Ұзынкөл ауылдық округтері мен Бөкей Ордасы ауданының Сайхын, Бисен, Орда ауылдық округтеріне барды. 
0
0
395

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мекемесіндегі семинар-кеңес

2015 жылдың 9 маусым күні Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі қызметкерлерінің қатысуымен «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша шаралар әзірлеу және оны зерделеу» тақырыбында семинар-кеңес оздырылды.

 

 

0
0
354

Орал қалалық №2 емханасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дәріс өткізілді

2015 жылдың 9 маусым күні Орал қалалық №2 емханада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияның міндеттері мен мақсатын түсіндіру мақсатында семинар кеңес өткізілді. Шараға Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Е.Төлепқалиев қатысып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияның міндеттері мен мақсатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына қатысты ҚР қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің новеллаларын түсіндіру дәрісін оқыды.

Сонымен қатар, семинар-кеңес барысында Агенттік дайындаған арнайы сауалнама толтырылып, қойылған сұрақтарға жауап берілді.

 
0
0
327

ҚР МҚІжСЖҚІҚА жанындағы Қоғамдық кеңесінің отырысы онлайн режимінде өтті

2015 жылғы 4 маусымда мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің, жергілікті Департаменттердің қатысуымен онлайн режимінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Қоғамдық кеңеске облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің басшысы Ә.Әшірбаев және Департамент жанындағы қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Қоғамдық кеңес барысында үш мәселе қаралды: - Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны іске асыру бойынша нәтижелер; - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру туралы жыл сайынғы ұлттық есеп беруді…

0
0
803

БҚО денсаулық сақтау басқармасындағы семинар-кеңес

2015 жылдың 4 маусым күні Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» түсіндіруге арналған семинар-кеңес оздырылды.

 

0
0
320

БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасындағы семинар-кеңес

2015 жылдың 3 маусым күні сағ.15:00-де Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы және Орал орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеменің қызметкерлерінің қатысуымен «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» түсіндіруге арналған семинар-кеңес оздырылды. Семинар-кеңесте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу құжатының негізгі бағыттары және жемқорлыққа әкелетін жағдайлардың алдын алу мәселелері түсіндіріліп, жемқорлық жасаған үшін жауапкершіліктен босатылмайтындығына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі этика нормалары, олардың қоғамдық орындардағы өздерін ұстауы, қоғамның мемлекеттік институттарға сенімін нығайту мәселелері қозғалды. Ша…

0
0
1324

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес баршаның ісі» акциясы өткізді.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және жемқорлыққа қарсы сауаттандыру мақсатында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті «№1 жолаушылар автокөлігі кәсіпорны» ЖШС мен «УралТехСервис» ЖШС-лер бірігіп маусым айынын басында Батыс Қазақстан облысының тұрғындары үшін «Сыбайлас жемқорлықпен күрес баршаның ісі» акциясы өткізді.

Акция барысында Департамент қызметкерлері «Жас Отан» жастар қанатының еріктілерімен бірге Орал қаласындағы маршруттық автобустарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаднамаларды орналастырды.

 

0
0
558

БҚО Төтенше жағдайлар департаментіндегі семинар-кеңес

2015 жылдың 29 мамыр күні сағ.11:00-де Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде аудандық басқарма қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мен қылмыстардың алдын алу және болдырмау» атты семинар-кеңес оздырылды. Семинар-кеңесте Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің 2015 жылғы І тоқсан қорытындысы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу құжатының негізгі бағыттары және жемқорлыққа әкелетін жағдайлардың алдын алу мәселелері түсіндіріліп, жемқорлық жасаған үшін жауапкершіліктен босатылмайтындығына ерекше назар аударылды. Шарада Департаменттің мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының консультанты Б.Хайруллин «ҚР 2015-20…

0
0
405

Департамент жанындағы Қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысы

2015 жылыдың 22 мамырында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменттің жанындағы Қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысы өткізілді. Қоғамдық кеңес отырысының негізгі себебі Департаментпен Агенттіктің тапсырмасын орындау мақсатында жүргізілген Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының тапсырысы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында өткізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері туралы ақпаратын тексеру қорытындылары болды. Бекітілген күн тәртібінің алғашқы мәселесі бойынша сөз алған департаменттің бөлім басшысы – Жақсат Мұратовпен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің тапсырмасы бойынша жүргізілген жоспардан тыс тексерулер…

0
0
422