Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Орал қаласының ТҮКШЖКжАЖ бөліміндегі семинар-кеңес

2015 жылдың 12 маусым күні Орал қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттарын түсіндіруге арналған семинар-кеңес оздырылды.

Семинар-кеңес барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құжаттың негізгі бағыттары және ҚР Қылмыстық Кодексінің новеллалары түсіндірілді. Сонымен қатар, бейнероликтер көрсетіліп, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты – Антикоррупционная политика» журналы туралы ақпарат берілді.

Қатысушылар алдында Департаменттің мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы А.Жұбаныш, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің Б.Хайруллин консультанты қатынасып, дәрістер оқыды.

0
0
381

Осы тақырып бойынша

Орал қаласының ТҮКШЖКжАЖ бөліміндегі семинар-кеңес - Yvision.kz