Мазмұнға өту
anticorruptionZKO

Timosh07

@anticorruptionZKO

Сайтта 2015 ж. 17 қаңтар

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

3 813

пікірлер

2

тіркелуші

15

жазылымдар

4

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім және бала тәрбиесі

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басым бағыттарын жүзеге асыру аясында және Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі №227 бұйрығымен бекітілген «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері»-не сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбы білім беру мекемелерінің тәрбие жоспарларына енгізілді. Осыған орай, 2016 жылдың 13 – 16 қыркүйек күндері Департамент Орал қалалық білім беру бөлімі мен «Заман» жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері, мектептің бастауыш және жоғарғы сыныптарының ұстаздарына, колледж және жоғарғы оқу орындары оқытушыларына арналған семинар-кеңестер өткізді. Өткізілген шаралардың басты мақсаты білім беру бағдарламаларына енгізілген өз…

0
0
2155

Дөңгелек үстел

2016 жылдың 15 қыркүйек күні «Заман» жастар қоғамдық бірлестігімен «Қоғамдағы тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қамтамасыз ету және құқықтық  сананы жағарылату мақсатында іс-шаралар ұйымдастыру жобасы аясында дөңгелек үстел оздырылды.

Шара барысында Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының өкілі 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы және оның іске асырылуы бойынша баяндама жасады.

0
0
593

«Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді

2016 жылғы 9 қыркүйекте «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» тақырыбында мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік мекемелердің, БАҚ-ның өкілдері қатысуымен «Мәңгі Қазақ елі» қоғамдық бірлестігі «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.

Ұлт жоспарының «Кәсіби мемлекеттік аппарат құрудың» маңыздылығын түсіндіру мақсатында, ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО бойынша департаментінің басқарма басшысы В.Масимова баяндама жасады.

Бұндай шаралардан күтілетін нәтиже осы Ұлт жоспарының Қазақстанның әрбір азаматына насихатталуы, жеткізілуі, түсіндірілуі – осы дөңгелек үстелді ұйымдастырушылардың алдына қойылған басты міндет.

0
0
558

Құқық негізі

2016 жылдың 13 қыркүйек күні «Заман» жастар қоғамдық бірлестігімен «Қоғамдағы тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қамтамасыз ету және құқықтық  сананы жағарылату мақсатында іс-шаралар ұйымдастыру жобасы аясында дөңгелек үстел оздырылды.

Шара барысында Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының өкілі білім беру бағдарламаларына енгізілген өзгерістердің мағынасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға дайын тұлғаны тәрбиелеу бойынша баяндама жасады.

0
0
319

«Азаматтық бақылау» қызметі жалғасуда

ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті әлеуметтік тапсырыс аясында «Азаматтық бақылау» жобасының шеңберінде тұрақты түрде азаматтарды қабылдау өткізеді.

Сонымен, 2016 жылдың 8 қыркүйекте қоғамдық қабылдауда Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы Төлегенов Сатхан Досмуханбетұлы азаматтарға қабылдау өткізді.

Қабылдауда мемлекеттік бақылау және еңбек саласындағы заңдылықтарды сақтау, еңбекті, жұмыспен қамтуды, зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз етуді сақтау, әлеуметтік сақтандыру мен халықты әлеуметтік қорғау, сондай-ақ зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау және олардың төленуінің ұйымдастырылуына қатысты сұрақтар талқыланды.

0
0
267

БҚО-да Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО-дағы Әдеп жөніндегі кеңесінің 2016 жылдың 6 қыркүйегінде өткен кезекті отырысында Ақжайық, Жәнібек аудандарының және БҚО бойынша экология департаментінің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты тәртіптік істері қаралып, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппарат басшысының орынбасары - әдеп жөніндегі уәкіл мен Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы басшысының у.м.а. есептері тыңдалды. Алдымен, Әдеп жөніндегі кеңесі Батыс Қазақстан облысы әкімі аппарат басшысының орынбасары - әдеп жөніндегі уәкіл А.Ж.Жалмагамбетовтың 2016 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша атқарған жұмыстар туралы есебін тыңдап, оның қорытындысы бойынша Кеңес тарапынан әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін үйлестіру мәселелері бойынша сәйкесінше ұсыныстар берілді. Кел…

0
0
449

Мемлекеттік қызметшілерді оқыту орталықтарында оқыту процесі басталды

Батыс Қазақстан облыстық әкімдігі жанындағы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту аймақтық орталықтарында оқыту процесі басталды. Ағымдағы жылдың 5 қыркүйекте аймақтық оқыту орталығының ғимаратында жаңа оқу жылының салтанатты ашылуы өткізілді. Салтанатты шараға орталықтың, облыс әкімдігінің және БҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері Департаментінің басшылары қатысып, тыңдаушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Өз сөзінде Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы М.Нұртазин кәсіби, бәсекеге қабілетті және Қазақстанды әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарында болуына өзіндік үлес қосатын мемлекеттік қызметшілерді даярлаудағы орталықтың жұмысының ролінің ерекше екендігін атап өтті. Аймақтың оқыту орталықтары қосымша кәс…

0
0
348

Мемлекеттік қызметтің ардагерінен жақсы тілек

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен ҰОС, тыл және еңбек ардагерлерімен тұрақты түрде кездесулер өткізіліп тұрады.

Осындай кездесулердің бірі ағымдағы жылдың 5 қыркүйекте мемлекеттік қызметтің ардагері Әкімгерей Бексұлтанұлы Серғалинмен өткізілді.

Ә.Серғалин әр жылдары мемлекеттік қызметте еңбек етіп, соның ішінде 2000 жылдан бастап Мемлекеттік қызмет істері органдарында басшылық қызметте болды.

Өз сөзінде Әкімгерей Бексұлтанұлы жас мемлекеттік қызметшілерге табыс пен қызметте таусылмас күш-жігер тіледі.

0
0
582

Мемлекеттік қызметшілер көпшілік жүгіруге қатысты

2016 жылдың 4 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Орал қаласы күніне орай Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен көпшілік жүгіру ұйымдастырылды. Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің ұжымы қатынасты. Көпшілік жүгіруге барлығы 2500 астам адам қатысты.

0
0
209

Департамент басшысы Теректі ауданы Ақжайық ауылында болды

2016 жылдың 1 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы М.С.Нұртазин облыстық ақпарттық топ мүшесі құрамында Теректі ауданы Ақжайық ауылының жалпы білім беретін мектебінің «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынына қатысты. Салтанатты шарада департамент басшысы барлық ұстаздар мен ата-аналарды білім күнімен құттықтап, еліміздің жеткен жетістіктеріне тоқталды және оқушырарға жаңа оқу жылында табыстар тіледі. Сапар барысында М.С.Нұртазин тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Қабылдауда болған азаматтар мемлекеттік қызмет саласына мен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелерін көтерді. Кейін ауылдық округ әкімдігінде округ активінің қатысуымен кездесу өткізілді.…

0
0
347