Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БҚО-да Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО-дағы Әдеп жөніндегі кеңесінің 2016 жылдың 6 қыркүйегінде өткен кезекті отырысында Ақжайық, Жәнібек аудандарының және БҚО бойынша экология департаментінің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты тәртіптік істері қаралып, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппарат басшысының орынбасары - әдеп жөніндегі уәкіл мен Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы басшысының у.м.а. есептері тыңдалды.

Алдымен, Әдеп жөніндегі кеңесі Батыс Қазақстан облысы әкімі аппарат басшысының орынбасары - әдеп жөніндегі уәкіл А.Ж.Жалмагамбетовтың 2016 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша атқарған жұмыстар туралы есебін тыңдап, оның қорытындысы бойынша Кеңес тарапынан әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін үйлестіру мәселелері бойынша сәйкесінше ұсыныстар берілді.

Келесі, Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы басшысының у.м.а. Ж.И.Ашықпаевтың аталған басқармада сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша жүргізілген талдау қорытындылары негізінде алынған шаралары туралы есебі тындалып, оның нәтижесі бойынша Кеңес тарапынан басқармамен атқарылған жұмыстарға оң баға беріліп, алдағы уақытта аталған жұмыстарды тұрақты түрде жүргізу туралы тиесінше ұсыныс берілді.

Әрі қарай, Ақжайық ауданының сәулет, қала құрылысы, құрылыс бөлімінің басшысы М.Т.Мулдашевтың Ақжайық ауданы тұрғынына құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруына ашық кедергі жасау фактісіне қатысты Ақжайық ауданы прокуратурасының ұсынысы қаралып, нәтижесінде Әдеп жөніндегі кеңесімен, тәртіптік теріс қылық жасаған мемлекеттік қызметшінің аталған мемлекеттік органнан босатылып, басқа мемлекеттік органға тағайындалуына байланысты, аталған тұлғаға қатысты тәртіптік іс тоқтатылды.

Содан соң, Жәнібек ауданы, Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі А.Б.Бақтығалиевтің округ әкімі ғимаратында ауыл тұрғынына кәсіпкерлік қызметпен айналысуға негізсіз рұқсат беру арқылы, оларға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген жәрдем көрсету мәселесі бойынша Жәнібек аудандық прокуратурасының ұсынысы қаралып, нәтижесінде ҚР «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 50-бабының 1-тармағының 5-тармакшасында көзделген мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін А.Б.Бақтығалиевке «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы Жәнібек ауданы әкіміне ұсыныс беру жөнінде шешім қабылданды.

Соңында, Әдеп жөніндегі кеңесімен БҚО бойынша экология департаменті басшысының орынбасары, бас мемлекеттік экологиялық инспекторы Е.С.Сапаровтың ағымдағы экологиялық заңнама талаптарын өрескел бұзған облыс көлемінде орналасқан ЖШС–нің заңбұзушылығын теріске шығару арқылы және оның қызметін тоқтату бойынша сәйкесінше шара қабылдамау арқылы, заңды тұлғаға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсету фактілеріне қатысты БҚО мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасының ұсынысы қаралып, нәтижесінде ҚР «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 50-бабының 1-тармағының 4-тармакшасында көзделген мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін Е.С.Сапаровты «атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығару» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы КР Энергетика министрлігінің жауапты хатшысына ұсыныс беру жөнінде шешім қабылданды.

   
0
0
448

Осы тақырып бойынша

БҚО-да Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді - Yvision.kz