Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеу бойынша кеңес өтті.
2020 жылдың 28 қыркүйегінде «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында онлайн режимінде Орал қаласының білім беру бөлімі басшылығы және мектеп директорларымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеу бойынша кеңес өтті.ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10-бабына сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды жұртшылықтың қатысуымен мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері әзірлейді және олар заңнаманы әзірлеу кезінде және құқық қолдану практикасында ескеріледі.«Ақжайық – адалдық алаңы» жобасының басшысы Ә.Ө.Салиева Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қабылдау қажеттілігін атап өтіп, оның сақталуын жұртшылықпен бірге қадағалап отыруды ұсынды.ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО…