Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары бойынша

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 19 тамызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңесте сыбайлас жемқорлық құбылыстарының себептері мен жағдайларын жою бойынша кешенді және алдын алу жұмыстарын жүргізуді басты міндет етіп белгіледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын-алу жұмыстары формаларының бірі болып, мемлекеттік органдарға және мекемелерге құқықбұзышылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде ұсыныстар енгізу тәжірбиесі болып табылады.

2020 жылы 25 қыркүйекте Бөрлі ауданы Ақсай қаласында БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Р.С.Ақмырзаевтің қатысуымен, ҚР қылмыстық іс-жүргізу кодексінің 200б. сәйкес енгізілген ұсынысты кезекті шығып қарау өткізілді. Кеңеске Бөрлі ауданы әкімі, оның орынбасарлары, әкімдіктің бөлім басшылары және ауылдық әкімдер қатысты.

Бөрлі ауданы белсенділерімен кездесуге, 2018 жылы желтоқсан айында ауылдық округқа интернет өткізу үшін «мачта решетая» құрылғыларын қондыру бойынша мемлекеттік сатып алу кезінде орын алған бұзушылықтар жайты бойынша Бөрлі ауданы, Приуральный ауылдық округінің әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істің өндіріспен аяқталуы негіз болды.

Тергеу қорытындысы бойынша қылмыстық құқықбұзушылық құрамы болмауына байланыс қылмыстық іс қысқартылды, бірақ ауыл тұрғындарын интернетпен қамтамасыз ету мақсатын орындамағандықтан, «мачта решетая» объектісі бойынша мемлекеттік сатып алу пайдасыз өткізілгені бойынша бірқатар бұзушылықтар бар.

Сонымен бірге, қазіргі уақытта сапалы интернеттің болуы аса өзекті маселе, себебі пандемияға байланысты арақашықтық байланысқа қажеттілік туындайды, соның ішінде студенттер мен мектеп оқушыларын оқыту үшін.

Бұзушылықтардың болуына ықпал еткен жағдайлардың бірі болып, сатып алатын тауардың егжей-тегжейлі техникалық сипаттамаларынсыз мемлекеттік сатып алу жариялаған «Приуральный ауылдық округінің әкімдігі аппараты» ММ өкілдерінің төмен біліктілігі болып табылады.

Ұсынысты қарау нәтижесі бойынша сот органдары арқылы сипаттамаға сай келмейтін алынған тауар құнын мердігер ұйымнан өндіру және бөлшектеу бойынша шаралар қолдану шешілді.

1
0
312

Осы тақырып бойынша

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары бойынша - Yvision.kz