Штаб мүшелері «Резерв» ШЖҚ РМК «Сигнал» филиалының ұжымымен кездесті
2020 жылдың 24 қыркүйек күні «Резерв» ШЖҚ РМК «Сигнал» филиалының ұжымымен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыру мақсатында кездесу ұйымдастырылды.
Шараға Департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының бас маманы Р.Ғ.Мұратов, облыстық ақпараттық-ағартушылық Штабының мүшелері қатысты.
Р.Ғ.Мұратов бүгінгі таңда басты назар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, қоғамда парасаттылықты қалыптастыру мәселелерінде екендігін атап өтті.
Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.
