Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында мониторинг ұйымдастырылды

2020 жылдың 29 қыркүйек күні «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобасы аясында Орал қаласының Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында мониторинг ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жүргізуші куәліктерін беру кезінде көрсетілетін заңсыз мемлекеттік қызметтер фактілерінің жолын кесу болып табылады.

Мониторинг жұмысына «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ә.Ө.Салиева, БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, облыстық Мемлекеттік қызмет істері департаменті және БАҚ өкілдері қатысты.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

1
0
201

Осы тақырып бойынша

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында мониторинг ұйымдастырылды - Yvision.kz