Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сырым ауданы активімен кездесу

2020 жылғы 25 қыркүйек күні Департамент басшысының бірінші орынбасары Н.И. Самет және облыстық ақпараттық-ағартушылық Штабы жұмыс сапарымен Сырым ауданы орталығында болып қайтты.

Жұмыс сапары барысында аудан активімен кездесіп, Мемлекет басшысы Жолдауында көрсетілген жемқорлықпен күрес бағытындағы басымдықтарға тоқталып, ағымдағы жылдың 1-жартыжылдығы қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық мониторингі нәтижелерімен таныстырды.

Мониторинг барысында жүргізілген әлеуметтік сауалнама көрсеткендей, Сырым ауданы жемқорлық деңгейі жоғары деп санаушылардың үлесі аздап өскен аудандардың бірі (барлығы 153 респондент қатынасты).

Бұл көрсеткіш 1-тоқсанда 10,2% болса, 2-тоқсанда бұл көрсеткіш 11,1%-ды құрап отыр.

Жемқорлық жоқ деп жауап бергендер – 38,5 %.

Аудан тұрғындарының пікірінше, жемқорлыққа неғұрлым бейім салалар - құқық қорғау, салық және кеден органдары (13%), денсаулық сақтау (13%), білім (7,8%), көлік және автомобиль жолдары (6,5%), жер қатынастары (6,5%) және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, энергетика, тұрмыстық қызмет көрсету салалары (5,9%).

Сыбайлас жемқорлық жағдайына, мемлекеттік қызметшілер тарапынан қағазбастылыққа тап болғандар үлесі 16,3%.

Сауалнамаға қатысушылардың 70,6%-ы жемқорлыққа қарсы іс-қимылға атсалысуға дайын және бұны өзінің міндеті деп санайды.

Н.И.Самет сондай-ақ жаңадан енгізілген заңнама нормаларына, оның ішінде қарамағындағы қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін оның басшысының жауапкершілігі, нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамадан өткізу үрдісіне тоқталды.

Облыстық ақпараттық-ағартушылық Штабының мүшесі бүгінгі таңда басты назар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, қоғамда парасаттылықты қалыптастыру мәселелерінде екендігін атап өтті.

Шара барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары А.Жұбаныш атқарылып жатырған жұмыстармен таныстырып, оның ішінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электронды түрге ауыстыру мәселелеріне тоқталды.

1
0
330

Осы тақырып бойынша

Сырым ауданы активімен кездесу - Yvision.kz