Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өтті
2020 жылдың 24 қыркүйек күні облыс әкімдігінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеевтің төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өтті.
Комиссия отырысы барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы, электрондық үкімет порталындағы кейбір мемлекеттік қызметтердің қолжетімсіздігі, аталған саладағы алаяқтық фактілері туралы мәселелер қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді баламасыз көрсетуге көшу, аудандарға «Ашық әкімдік» жобасын тарату және Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде алаяқтық фактілерінің алдын алу бойынша шаралар қабылдау бойынша тиісті ұсыныстар енгізілді.
Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.
