Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеу бойынша кеңес өтті.

2020 жылдың 28 қыркүйегінде «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында онлайн режимінде Орал қаласының білім беру бөлімі басшылығы және мектеп директорларымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеу бойынша кеңес өтті.

ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10-бабына сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды жұртшылықтың қатысуымен мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері әзірлейді және олар заңнаманы әзірлеу кезінде және құқық қолдану практикасында ескеріледі.

«Ақжайық – адалдық алаңы» жобасының басшысы Ә.Ө.Салиева Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қабылдау қажеттілігін атап өтіп, оның сақталуын жұртшылықпен бірге қадағалап отыруды ұсынды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаментінің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин білім жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері туралы тоқталды. Соның ішінде, кәсіби мереке қарсаңында заңсыз ақша жинау және сыйлық беруге тыйым туралы түсіндірді.

Орал қаласының білім беру бөлімінің басшысы А.М.Темірханова мектеп директорларына заң талаптарын қатаң сақтауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасымен бірлесе жүзеге асыруды тапсырды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру ұйымдарымен қоғамда парасаттылықты қалыптастыру бойынша бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруды жалғастыратын болады.

1
0
160

Осы тақырып бойынша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеу бойынша кеңес өтті. - Yvision.kz