Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Біздің таңдауымыз жемқорлықсыз болашақ»

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық қоғамымызда қатты алаңдатып отырған келеңсіз көріністердің бірі екені еш жасырын емес. Сыбайлас жемқорлықпен күресу Мемлекетіміздің бүгінгі күнгі күрделі тақырыбы мен мәселесі болып отыр. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарына негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызметкер өзінің қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану мақсатында пара алу, беру, қызметтік жалған сөз жеткізу, жалған қорытынды жасау т.б., осындай іс-әрекеттін барлығы жемқорлыққа жатады.

Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жеқорлықпен күресу ең өзекті мәселе болып табылады. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ. Бұл тұрғыда, Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының орындауының бір көрінісі ретінде сыбайлас жемқорлықты жою жолында қоғам және жастардың белсенділігін арттыру мақсатында: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестін барлық салалары бойынша қатаң қоғамдық бақылау жүргізілуі тиіс», - деді Мемлекет басшысы.Әлем елдерінде бұл індетпен күресу үшін жазалар күшейтілсе, өзге елдерде жалақы мөлшерін көбейтуде. Жемқорлықпен күресу тек қана құқық қорғау саласының міндеті емес, барша қоғамның міндеті болып саналады. Алмақтықтың да, салмағы бар демекші түбі қорлыққа алып келетіндігін ұмытпаған абзал.

Тәжірбиеге сүйенсек, сыбайлас жемқорлық мемлекеттің экономикалық және саяси дамуына кері әсерін тигізеді. Сөйтіп, сыбайлас жемқорлық – бұл біріншіден, мемлекетке үлкен қаржылық нұқсан келтірсе, екіншіден мемлекеттік биліктің беделіне залал келтіреді, үшіншіден, қоғам мен мемлекет билігінің өкілеттіктерін моральдік тұрғысынан құлдыратады. Ол үшін бұл ауруға қоғам болып қарсы тұруымыз қажет. Әрбір азамат өзінің конституциялық құқығын қорғауға міндетті.

Қорыта айтқанда «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» демекші, алдымен адам болып қалайық, ал заман өздігімен түзеледі дегім келеді.

Раушан ОмаркуловА, «Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы.

0
0
260

Осы тақырып бойынша

«Біздің таңдауымыз жемқорлықсыз болашақ» - Yvision.kz