Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайластыққа қарсы іс-қимылға көмектесіп, сыйақыға ие болыңыз

Жақында Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев «Antikor Ortalygy» алаңында өткен брифинг барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға көмектесетін адамдарды қалай ынталандыру жөнінде айтқан болатын. Жиында аталмыш департаменттің өкілі бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудағы жұмыстың пәрменді тетіктерінің бірі – сыбай- лас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу болып табылатынына ерекше тоқталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимылға жәрдемдесу төмендегідей:

1) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактісі туралы хабар- лау;

2) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беру;

3) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу үшін кейіннен маңызы болатын өзге де жәрдем беру.

2020 жылғы 15 ақпаннан бастап сыбай- лас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлағаны үшін сыйақының сараланған жүйесі жұмыс істейді. Спикердің айтуынша, 2020 жылы Ал- маты облысының 13 тұрғыны 2 328 280 теңге көлемінде сыйақы алды. Ал, 2021 жылдың басынан бері үш адам 612 570 теңге көлемінде ақшаға ие болған. Талдау көрсеткендей, негізінен азамат- тар парақорлық, ұрлау және билікті теріс пайдалану фактілері туралы хабарлайды. Ақшалай сыйақыдан бас тартқан жағдайда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимылды жүзеге асыратын органға тиісті өтініш береді және ол үшін грамотамен марапаттау немесе алғыс жариялау түрінде көтермелеу белгіленуі мүмкін. Брифинг барысында сыбай - лас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерімен немесе құқық бұзушылық жасаған іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері туралы ақпаратты «1424» телефоны бойынша CALL-орталығына хабарлауға болатыны айтылды. Сонымен қатар, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі 36/42 мекенжайы бойын- ша орналасқан Алматы облысы бой- ынша Департаментке жүгінуге болады. Анонимділікке кепілдік берілетінін де айта кеткен жөн.

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің баспасөз қызметі

0
0
131

Осы тақырып бойынша

Сыбайластыққа қарсы іс-қимылға көмектесіп, сыйақыға ие болыңыз - Yvision.kz