Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайластыққа қарсы күресте азаматтық қоғамның рөлі

Бү г і н д е с ы б а й л а с жемқорлықтың алдын алу сыбайлас жемқорлыққа қ а р с ы с а я с а т т ы ж ү з е г е асырудың маңызды бағыты болып табылады. Бұл аспектіде с ы б а й л а с ж е м қ о р л ы қ қ а қарсы іс-қимылды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің айрықша құзыреті ретінде ғана қарауға болмайды, бұл жұмысқа барлық м е м л е к е т т і к о р г а н д а р , сондай-ақ, азаматтық қоғам тартылуы тиіс. Өйткені, б ү г і н д е а з а м а т т а р д ы ң белсенді қатысуынсыз сыбайлас жемқорлықты барынша азайту, жою мүмкін емес. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағартушылықта тек белгілі бір адамдар тобымен шектелуге болмайды. Мұнда белсенді азаматтар, студенттер, БАҚ өкілдері, мәдениет қайраткерлері, блогерлер, оқытушылар тартылатын кешенді жұмыс жүргізілуі тиіс. Сонда олардың әрқайсысы өз саласында осы құбылыстың зияны туралы айтып, оны болдырмау үшін өз үлестерін қосатын болады.

Алдымен жұртшылықтың с ы б а й л а с ж е м қ о р л ы қ қ а қарсы саясатты іске асыруға қатысуы қоғамдық бастамалардан шығатынын бірден атап өту қажет. Сондықтан, бұл жерде санға емес, сапаға көңіл аудару қажет. Бұл үшін с ы б а й л ас ж е м қ о р л ы қ қ а қарсы қызмет жанында арнайы мониторингтік топтар, ақпараттық-ағартушылық штабтар, «Адалдық алаңы» жобалық кеңселері жұмыс істейді, оларға белсенді а з а м а т т а р , т ә ж і р и б е л і заңгерлер, адвокаттар, журн а л и с т е р , о қ ы т у ш ы л а р қ а т ы с а д ы . Ө й т к е н і , қоғам өз салаларындағы, бағыттарындағы барлық ауыр мәселелер мен жағдайларды біледі. Сондықтан бүгінгі таңда бұл алаңдар жаңа идеялар мен ұсыныстардың катализаторы, пікірталас алаңы ретінде қызмет етеді. Осыған орай, белсенді азаматтық ұстанымы мен парасатты ниеті бар кез келген азамат осы қатарға қосылып, өз үлесін қоса алады.

Жандос ЖҰМАБАЕВ, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары.

0
0
191

Осы тақырып бойынша

Сыбайластыққа қарсы күресте азаматтық қоғамның рөлі - Yvision.kz