Жандос Жұмабаев: Жаһандану жағдайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Бүгін Журналистер үйі алаңында «JETISU – CREATIV DAYS» шығармашылық фестивалінің спикерлер пулының қатысуымен Қоғам қайраткері «Құрмет» орденінің иегері, Алматы облысының құрметті азаматы, Алматы облысының Ішкі саясат басқармасының басшысы Рахмет Есдаулетовтың және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаевтың, Қазақстандық танымал кинорежиссер, сценарист, продюсер Алишер Утевтың, Қазақстандық кино және театр актері, театр режиссері Рустем Жаныамановтың қатысуымен мемлекеттік қызметкерлермен, қоғам қайраткерлерімен және журналистермен кездесу өткізілді.
Кездесу "Жаһандану жағдайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл" тақырыбында ашық және сенімді әңгіме өтті, қатысушылар сыбайлас жемқорлықты жою тақырыбын және оның пайда болу себептерін талқылады.
Аталған іс-шараның мақсаты мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, өз еліне адал және парасатты қызмет ету, жастардың дамуына жәрдемдесу, сондай-ақ Алматы облысының мемлекеттік қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету болып табылады.
Кездесу қорытындысы бойынша адал еңбек жолымен нәтижелерге қол жеткізген қайраткерлер мен ардагерлердің мемлекеттік қызметшілері мысалында адал еңбек ұстанымдарын қалыптастырудың одан әрі жоспары әзірленді.
Сонымен қатар, кездесу барысында жемқорлықпен күрес жайында видеороликтер көрсетіліп, жемқорлыққа жол бермеу туралы спикерлеріміздің баяндамалары тыңдалды және жиынға қатысқан әр азаматтың ойын өзгертетін, адалдықпен әдептілікке шақыратын әңгімелер айтылды., сондай-ақ қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.
