Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті
Бүгін Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Ләззат Тұрлашевтың және Агенттіктің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаевтың қатысуымен Алматы облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тұрақты негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізеді.
Кездесу барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың әртүрлі нысандарымен, оның өмірдің түрлі салаларындағы ерекшеліктерімен, осы құбылыстың себептері мен зиянды салдарымен танысты.
Отырыс барысында Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы проблемалық мәселелер, сондай-ақ оларды шешу жолдары талқыланды.
Қатысушыларға Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің 2020-2021 жылдар кезеңінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы мәліметтер жеткізілді.
Мәселен, Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында 2020-2021 жылдар кезеңінде осы ведомство қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері бойынша 50 - ден астам азаматтардан өтініш келіп түсті (2020-20, 2021-32), 20 қылмыс тіркелді (2020 – 11, 2021 - 9), қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар саны-15 лауазымды тұлға (2020 - 7, 2021 - 8).
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ҚР ҚІЖК 200-б.тәртібінде Талдықорған қаласының тұрғын үй қатынастары саласында қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да бұзушылықтар жасауға ықпал ететін мән-жайларды жою бойынша енгізген ұсынымы қаралды.
