Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алматы облысының Антикоры мен Жетісу университеті арасында ынтымастық туралы меморандумға қол қойды

2021 жылдың 3 қараша күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті мен І. Жансүгіров атындағы «Жетісу университеті» КЕ АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы үлгілік жоспарға қол қою іс-шарасы өтті.

Қойылған құжаттың мақсаты екі тарап бірлесіп университет білімгерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру, экономикалық –құқықтық сауаттылығын арттыру болу табылады.

Іс-шара барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Ернар Әбсейітұлы Мақажанов өзінің баяндамасын тарқатып айтты. Баяндама барысында облыс аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан іс-шараларды баяндап, жастар арасында жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру маңыздылығын айтып өтті.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы реформалау шеңберінде мемлекеттік ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыратын және корпоративтік адалдық стандарттары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтауға жауапты "комплаенс-офицерлер" жаңа лауазымдары енгізілуде екендігінін және бүгінде облыстың 200-ден астам мемлекеттік ұйымдарында осы лауазымдар енгізілген екендігін хабарлады.

Университет білімгерлері атынан «Sanaly student» студенттік ұйымның жетекшісі, Жастар орталығының үйлестірушісі Мұрат Шұғыла Асхатқызы студенттер атынан сөйледі.

Іс-шараға университет басшылығы, құрылымдық бөлім басшылары, белсенді білімгерлер қатысты.

0
0
296

Осы тақырып бойынша

Алматы облысының Антикоры мен Жетісу университеті арасында ынтымастық туралы меморандумға қол қойды - Yvision.kz