Пікірсайыс турнирі өтті
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайту, сондай-ақ қазіргі жағдайда парасатты тұлғаны дамыту мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен республикалық пікірсайыс турнирін өткізді. Республикалық дебат турнирінің мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жастардың бойына адалдық, парасаттылық, сенім ұғымдарын дартыу.
Шараға еліміздің түкпір-түкпірінен, 9 аймағынан келген жалпы 12 команда қатысты. Турнир АПФ (Американдық парламенттік формат) форматында өтті. Бұл формат турнирдің ең дәстүрлі форматы болып табылады және Қазақстандағы пікірсайыс қозғалысына қатысушылар арасында кең таралған.
Департамент басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев егер әр адамның адалдығы мен адамгершілік қасиеттері болса, бұл қоғамдағы жағымсыз оқиғалар мен сыбайлас жемқорлықты болдырмауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Жүлделі орындар келесідей бөлінді: бірінші орынды Түркістан облысының өкілдері, екінші орынды Алматы қаласы, үшінші орынды Алматы облысының командасы иеленді.
Турнир жеңімпаздары ақшалай сыйлықтармен, дипломдармен және кубокпен марапатталды.
