«Ер есімі – ел есінде!»
Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Департамент басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті Тәртіптік кеңесінің Төрағасы Қ.А. Жапақов Бурабай ауданы Щучинск қаласының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Очеретенко Валентин Михайловичті құттықтады.
Құттықтау барысында Қ.А. Жапақов Жеңістің бүкіл адам баласына маңызды екенін айтып, Ұлы Отан соғысы ардагерін келе жатқан Жеңіс күні мерекесімен құттықтап, қажымас қайрат, зор денсаулық, ұзақ өмір тілеп, Ұлы Отан соғысындағы Женістің 70 жылдық мерей тойына арналған медальмен марапаттады.
Очеретенко Валентин Михайлович 1944 жылдың желтоқсанынан 1945 жылдың мамырына дейін К.Рокосовскийдің басқаруымен 2-ші Беларус фронтындағы 87-ші ротаның 50 шекараполкы әскерінде қатардағы снайпер жауынгері болып отандық борышын өтеген.
І-ші дәрежелі Отан соғысының Ордені, «Германияны жеңгені үшін», «Ерлігі үшін», юбилейлік медальдармен марапатталған.

