Қазынашылық департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
А.ж. 5 қыркүйекте Ақмола облысы қазынашылық департаментінің ұжымымен «Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында семинар өтті. Семинарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкері Д. Каконов қатысты.
Кездесу барысында Д. Каконов тыңдаушылардың назарын Қазақстан Қеспубликасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының жүзеге асырылу барысына, сыбайлас жемқорлықтың кез келген түріне мүлдем төзбеушілік атмосферасын қалыптастырудың әдістері мен тәсілдеріне аударды.
Сонымен қатар, спикер ұжымды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейі мен құқық бұзушылықтардың барлық түрлеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға бағытталған жұмыстың 2015 жыл бойынша қорытындыларымен таныстырды және қазіргі уақытта жұмыстың сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күреске емес, оның алдын алуға бағытталғаны туралы айтты.
Кездесу соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолдануға қатысты сұрақтарға толыққанды жауап берілді.
Іс-шараға 48 адам қатысты.

