Ішкі саясат басқармасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
А.ж. 5 қыркүйекте ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының қызметкері Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында С. Беккажанова қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік ұғымын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмысын әрі қарай жалғастыру туралы және Департаменттің қызметі мен сыбайлас жемқорлыққа бағытталған жұмыс туралы әңгімеледі.
Іс-шара соңындақатысушылар сауалнама толтырды және қызығушылық тудырған сұрақтарға жауап алды.
Іс-шараға 15 адам қатысты.

