«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» әскери қызметке шақыру науқаны
2016 ж. 28 қыркүйекте ҚР Қарулы күштері әскери қызметіне шақырылуына байланысты Ақмола облысы бойынша қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жеке құрамымен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттары, әдістері және шаралары» тақырыбында семинар өтті. Шараға Ақмола облысы бойынша департаменттің (бұдан әрі - Департамент) мемлекеттік қызмет істері қызметкері А.Жаналинов қатысты.Кездесу барысында Департамент өкілі мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия туралы, оның алдағы он жылға есептелген басымды бағыттары мен негізгі тәсілдері жөнінде баяндады, сонымен қатар, ол қатысушыларды Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарып отырған жұмысымен, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі жіәне сыртқы талдауларын жүргізу тәртібімен таныстырды.
Сонымен қатар, жеке құрамға сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа роликтер көрсетілді.
Кездесу соңында А.Жаналинов сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңды қолдануға қатысты қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.
Іс шарадан соң сауылнама жүргізілді.
Іс шараға 50 шақты адам қатысты.

