Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Әңгіме сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде болды

Ақмола облысы бойынша Департаменттің басшысы Қ. Жапақовтың  Зеренді ауданына жұмыс сапары аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық – қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенімге негізделген маңызды кәсіби стандарт» тақырыбында диалог алаңы өткізілді.

Аталған іс-шараға департаменттің қызметкерлері, діни және этномәдени бірлестіктердің , үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, жастар, мемлекеттік және азаматтық қызметшілер қатысты.

Кездесуді аша отырып, аудан әкімі А. Мұратұлы қоғамда  сыбайлас жемқорлық мәдениетін қалыптастырудағы үкіметтік емес ұйымдардың, діни және этномәдени бірлестіктердің  маңызды орын алатынын, жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ойдағыдай болуы , халық арасында  жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру үшін мемлекет пен қоғамның  тығыз  серіктестігі қажет екенін атап өтті.

Диалог алаңының тақырыбы бойынша негізгі баяндаманы  Департамент басшысы Қ. Жапақов оқыды.

Департаменттің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Қ. Сұлтанғазиев Әдеп кодексінің негізгі аспектілері туралы түсініктеме берді. «Моральдық-адамгершілік  тәрбие – салауатты қоғамның кепілі» тақырыбындағы ақпаратпен Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы М. Ахметқалиев бөлісті.

Діни саладағы жемқорлық мәселелері жөнінде Зеренді аудандық  мешітінің имамы Ы. Қасымхан,  «Салт-дәстүрлер мен отбасылық  құндылықтар жемқорлыққа қарсы тұрудағы басты факторлары ретінде» тақырыбында «Достық орталығының» атқарушы хатшысы К. Рахымжанова, ал, №1 Зеренді орта мектебінің мұғалімі Т. Белик қазіргі заманда  өскелең ұрпаққа моральдық-адамгершілік тәрбие беру жөнінде  баяндады.

Кездесу аяқталғаннан кейін Қ. Жапақов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген азаматтар  өздерін толғандырған бірқатар мәселелер туралы сұрақтарды қойды, олардың ішінде жұмысқа бонустық төлемақы төлеу жүйесі, жерлерді тиімді пайдалану үшін жер инспекциясын құру,  көтерме  сауда  нүктелерінде бағаны реттеу,  карьерді ауылдың қажеттіліктері үшін тегін пайдалану  мәселелері қозғалды.

Барлық сұрақтарға толық, түбегейлі жауаптар берілді.

Департамент госслужбы

0
0
611

Осы тақырып бойынша

Әңгіме сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде болды - Yvision.kz