Біз жемқорлыққа қарсымыз!
«Адал жол - Честный путь» жемқорлыққа қарсы марафонының аудандық жоспарына сәйкес ағымдағы жылғы 06 маусым күні Армавир ауылдық округі кітапханасында ауылдық орта мектеп оқытушыларымен бірлесіп, «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» атты дөңгелек үстелі өтті. Кездесу барысында жемқорлық көріністері ежелден бар екені, алайда, құқықтық мемлекетте әрбір азамат жемқорлық құқықбұзушылықтар үшін жазаның міндеттілігін түсінуі қажеттілігі туралы айтылды. Сондай-ақ, қоғамдығы кез-келген құқықбұзушылыққа қарсы мүлдем төзбеушілік танытуы қажет деп табылды.
Кездесу соңында, қатысушылар жемқорлық барлық өзгерістерге қауіп төндіріп, кез-келген экономикалық өсім мен дамудың тежеуіші екенінен тоқталды. Дөңгелек үстелде барлығы 16 қатысушы болды.




