«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясына түсу тәртібі туралы» тақырыбына интернет-конференция
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Көкшетау қаласының және Ақмола облысының тұрғындарын ағымдағы жылдың 19-маусымы сағ. 12.00-14.00 аралығында Департаменттің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясына түсу тәртібі туралы» тақырыбына интернет-конференция өтетіні туралы хабарландырады.
Сіздердің сұрақтарыңызды, электронды мекен-жайыңызды көрсете отырып (жауап жолдау мақсатында), осы хабарламаға комментарий ретінде орналастыруыңызды сұраймыз.
Құрметпен, Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасы.

