Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және қызметтік әдеп ережелерін қалыптастыру
Ағымдағы жылдың 13 маусымында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бас маманы М. Сабуров Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі Комитетінің «ЕЦ-166/24 Мекемесі» РММ (Бұдан әрі – ЕЦ 166/24) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және қызметтік әдеп ережелерін қалыптастыру» тақырыбында семинар- кеңес өткізді.
Семинар-кеңестің жұмысына ЕЦ-166/24 қызметкерлері және ведомствоға бағынысты ұйымдардың мемлекеттік және азаматтық қызметшілері қатысты.
Семинар-кеңестің барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның қолданысына және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, тыңдаушыларға қоғам назарына ілінген, сыбайлас жемқорлық сипаттағы құқық бұзушылықтар туралы резонансты бейнероликтер көрсетілді.
Кеңестің қатысушылары қойған сұрақтарына түбегейлі жауап алды.
Іс-шараның соңында сауалнама жүргізіліп, «Сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады?» атты брошюралар таратылды.
Семинар-кеңеске 60-тан астам адам қатысты.
