Ақмола облысының мемлекеттік қызметшілері Мемлекеттік қызметші күні мерекесіне орай Президенттік тесттерді тапсырды
Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп а.ж. 15-17 маусым аралығында облыстың мемлекеттік қызметшілері арасында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы тестілерінің сынақтары бойынша спорттық жарыстар өткізді.
Жарыстар Көкшетау қаласының №4 орта мектебі, сондай-ақ №2 және №7 олимпияда резервінің балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерінде өтті.
Мемлекеттік қызметшілер спринтерлік жүгіру, жүзу, төзімділікке жүгіру, орыннан қашықтыққа секіру, снарядты ату, күш гимнастикасы және пневматикалық винтовкадан ату бойынша жарысқа түсті.

