«Үздік мемлекеттік қызметші — 2017» байқауы өткізілуде
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті а.ж. 20 маусымы сағ. 10:00-де Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық драма театрында Ақмола облыстық «Үздік мемлекеттік қызметші - 2017» кәсіби шеберлік байқауын өткізуде.
12 маусымға дейін Департамент байқауға қатысушылардың өтінімдері мен жеке және кәсіби сапаларын көрсететін бейнероликтерді қабылдады. Өтінімдерді қарау барысында ақтық сынға 10 мемлекеттік қызметші өтті, соның ішінде 6 қызметші жергілікті атқарушы органдардан, 4 – орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінен.
Байқаудың соңғы кезеңіне өткен мемлекеттік қызметшілер:
- Газдиева Белла Асланбековна – Целиноград ауданының Родина ауылдық округының әкімі;
- Бейсембаева Әсем Нұртайқызы – Еңбекшілдер ауданы әкімі аппаратының құжаттама бөілімінің бас маманы;
- Бейсембаева Айнұр Сағидоллақызы - Еңбекшілдер ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы;
- Камалова Динара Маратқызы – Астрахан ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөілімінің бас маманы;
- Еслямбек Берік Баянбайұлы – Сандыктау ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау бөлімінің бас маманы;
- Ұзақбаев Азамат Серікұлы – Көкшетау қалалық сотының канцеляриясы сот отырысының бас маман-хатшысы;
- Рахметова Жанар Қуанышбекқызы – Көкшетау қаласы ІІБ мемлекеттік тіл және ақпарат тобының жетекші маманы;
- Дәулетбек Әділбек Жарқынұлы – Ақмола облысы қоғамдық денсаулық қорғау департаментінің техникалық регламенттерді сақтауды бақылау бөлімінің бас маманы;
- Омарова Нұрлыгүл Маратқызы - «Көкшетау қаласындағы „Солтүстікқазжерқойнауы“ Солтүстік Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің бас маманы;
- Токеев Есбол Еркінұлы – Ақмола облысы білім басқармасының техникалық және кәсіби, ортадан кейінгі білім бөілімінің бас маманы.
